Актер Рахман Омаровтың бұрынғы зайыбын өлтірген әйел 15 жылға cотталды
Қайғылы оқиға 2018 жылдың маусымында болған еді. Гүлдерайым Омарова Ақкент шағынауданындағы пәтерін жалға беріп келген.
Актер Рахман Омаровтың бұрынғы зайыбын өлтірді деген күдікпен ұсталған әйел 15 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Судья 30 жастағы Ақтолқын Сүлейменованы ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлімімен, 24-бабының 3-бөлімімен, 99-бабының 2-бөлімімен айыпты деп тауып, 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Сонымен қатар, сот Ақтолқын Сүлейменованы жәбірленуші тарапқа 4,5 млн теңге көлемінде моральдық шығын төлеуге талап қойды. Сондай-ақ, 2 млн 154 мың теңге көлемінде сот шығындарын төлеуге міндеттеді.
Айта кетсек, қайғылы оқиға 2018 жылдың маусымында болған еді. Гүлдерайым Омарова Ақкент шағынауданындағы пәтерін жалға беріп келген.
Маусымның 26 күні ол жалға алу ақысын алу үшін пәтер жалдаушыларына барған. Сол кезде пәтер қожайыны мен жалдаушылар арасында кикілжің туындаған.
Дау-дамайдың арты қайғылы жағдайға ұласқан. Екі әйел Гүлдерайымға бірнеше жерінен пышақ салған. Ол сол жерде алған жарақатынан көз жұмды.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/