Ақмола облысында студенттер сотта тәжірибеден өтеді

0

2018 жылғы 24 желтоқсан 04:31 180

Ақмола облысында студенттер сотта тәжірибеден өтеді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат — Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров пен Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры Марат Сырлыбаев өзара әріптестік жөніндегі меморандумға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Соттың университетпен әріптесудің негізгі мақсаты Елбасының «Руғани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Жоғарғы сотының «Рухани жаңғыру — мәңгілік ел болудың кепілі» тақырыбында өткізген «дөңгелек үстелдегі» қарарды жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарын және Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының қағидаларын жүзеге асыру бойынша ведомствоаралық жоспарын орындау, сонымен қатар сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, судьялар корпусының зияткерлік әлеуетін арттыру және жаңа формациядағы заңгерлік кадрларды қалыптастыру болып табылады» — деді Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров меморандумға қол қою кезінде.

Сот және ЖОО-ны әріптестіктің негізгі бағыттарын белгіледі. Олар «Қазақ даласының билер соты ‑ егеменді еліміздің сот-құқықтық жүйесінің негізі» тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференцияда 2017-2018 жылдарына бекітілген ведомствоаралық жоспардың орындалуының қорытындысын шығару, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру бойынша басқа да іс-шараларды жоспарлау, Елбасының Жолдауындағы тапсырмаларды, құқықтық қолдану практикасы мәселелерін талқылау бойынша, медиация институты мен Билер соты сияқты татуласу рәсімдерін дамыту, сонымен қатар, басқа да өзекті мәселелер.

Меморандумға сәйкес, тараптар оқытуды ұйымдастыру және біліктілікті арттыру, облыс соттарында студенттердің өндірістік және диплом алды тәжірибеден өтуіне атсалысуға,  ғылыми-тәжірибелік әдебиет және ақпарат,  оның ішінде сот жүйесіндегі өзгерістермен жəне жаңашылдықтармен өзара алмасуға келісті.

Меморандумға қол қою іс-шарасына облыстық соттың судьялары және Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің профессорлық-оқытушылық құрамының өкілдері қатысты.

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры Марат Сырлыбаев судьялар корпусына кездесу үшін алғыс білдірсе, филология ғылымдарының кандидаты Сәбит Жәнбек «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі қағидалары туралы баяндама оқып, қазақ құқығы мен мемлекетінің құрылуы және билер соты институты туралы айтып берді.

Өзара әріптестікті жалғастыру мақсатында Д.Әміров сот пен университетке студенттерді тарта отырып құқық пен мемлекеттің тарихын терең зерттеу мәселелері бойынша бірлесіп жұмыс атқарулары қажеттігін атап өтіп, сонымен қатар қатысушыларға бірлескен өзара әріптестіктері үшін алғыс білдірді.

 

 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz