Алдағы күндері 40 градусқа дейін аяз болады

0
Алдағы күндері 40 градусқа дейін аяз болады


Синоптиктер 25-27 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Қазгидрометтің болжауынша, 25 желтоқсаннан бастап күн баяу ұзарады, ал Таймырдан Сібірге жылжыйтын суық антициклонның сілемі Қазақстанның көптеген облыстарына қатты аяз әкеледі. Солтүстік орталық және шығыс облыстарда түнгі температура минус 32…37°С дейін төмендесе, кей жерлерде аяз минус 40°С дейін күшейеді. Тіпті Қазақстанның оңтүстік-шығысында да суытады, кей жерлерде 25…30° дейін аяз болады.

Тек еліміздің батыстағы өңірлерінде Ресейдің Еуропалық бөлігінен жылжитын циклонның ықпалынан жауын-шашын, тұман, көктайғақ болады және күндіз температура 0- минус 5 градусқа дейін суытады, оңтүстік-батыста 0…5 градусқа дейін жылынады», делінген хабарламада.