Төсін көрсетіп танымал болған астаналық модельді соққыға жықты — новости Казахстана
Өзін «Астана қаласының жастар мәслихаты» коммерциялық емес ұйымның депутаты ретінде таныстырған модель Динагүл Тасова соққыға жығылды деп хабарлайды NUR.KZ.
Бойжеткен соққыға жығылғанын Instagram парақшасында жариялады.
«Посттағы суреттерге қараңыздар. «Жақын» деген адамымның көрсеткен «қолдауы». Оған рақмет айтқым келеді, ол маған мәселенің түптамырын көрсетті. Тән жарақаты түк емес, жан жарақатының қаншалықты ауыр болғанын сөзбен айтып жеткізе алмаймын», — деп жазыпты ол.
Динагүл Тасованың сөзінше, сол шарадан кейін оны жан-жақтан сынап, тіпті Instagram-дағы парақшасын да өшіріп тастапты.
«Мен қатысқан көрсетілімнен кейін сын астында қалдым. Кейбіреулер ар-ұятымның төмендігін алға тартса, біреулер мені мұқата бастады. Мен сахнаға шыққанда бәрі қол шапалақтады. Көрсетілімнен кейін әйел адамдар қасыма келіп, жылы лебіздерін білдіріп, суретке түсті», — деді Динагүл Тасова.
Бойжеткен бұрын да суға түсетін киімдер мен мөлдір іш киіммен көрсетілімге қатысқан екен. Ол жай ғана жұмысын істеп жүргенін айтып ақталды.
Фотосессия үшін Динагүлдің образын жасаған визажист жазбаның астына өз пікірін қалдырған.
«Қолындағы қара дақтардың не білдіретінін білесіздер ме? Әйел адамға зорлық-зомбылық жасалғанын көрсетеді! Ол дақтарды көріп отырсаңыздар, оған көмектесіңіздер. Динагүлдің бұл образын мен үлкен толқыныспен жасадым. Денесі жаралы, мойнында қол іздері, ал көздерінде қорқыныш болды», — деді маман.
Жазбада Динагүл Қазақстанда жыл сайын 40 мың әйел зорлық-зомбылық туралы хабарлайтынын жазған.
Ол балалар мен әйелдерге озбырлық жасағандармен күресуге әзір екенін жеткізген.
Естеріңізге сала кетейік, бірінші желтоқсан күні Динагүл Тасова көрсетілімге қатысып, іш киімсіз шыққан болатын.
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар