25, 26, 27 желтоқсанға ауа райы болжамы

0
Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

239 0 0

25-27 желтоқсанға ауа райы болжамы

АСТАНА, 24 желтоқсан – Sputnik. Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды. 

«25 желтоқсаннан бастап күн баяу ұзарады, ал Таймырдан Сібірге жылжитын суық антициклонның сілемі Қазақстанның көптеген облысына қатты аяз әкеледі», — деп хабарлайды синоптиктер.

Солтүстік орталық және шығыс облыстарда түнгі температура минус 32…37°С дейін төмендесе, кей жерлерде аяз минус 40°С дейін күшейеді. 

Тіпті Қазақстанның оңтүстік-шығысында да суытады, кей жерлерде 25…30° дейін аяз болады.

Тек батыста Ресейдің еуропалық бөлігінен жылжитын циклонның ықпалынан жауын-шашын, тұман, көктайғақ болады, күндіз температура 0-5° аязға дейін, оңтүстік-батыста 0…5° жылыға дейін жоғарылайды. 

Тағы оқыңыз:


Дереккөз: https://sputniknews.kz/