адам, жетістік, борыш туралы қанатты сөздер, афоризмдер

0
Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі.
Ахмет Байтұрсынұлы

Айнымай тұтқан жолың болсын мынау —
Азаттық, ағайындық, тендік сұрау.
Тайсалмай дұрыстыққа жаның қисаң,
Борышы адамдықтың сонда тұр — ау.
Міржақып Дулатұлы

Келген қонаққа достық көңіл, қонақжайлық пейіл таныту — үй иесінің борышы.
Тоқсары

Хан борышы – жорықта ту көтеру.
Сарбаз борышы – туға еріп жан беру.
Майқы би

Балаларды тәрбиелеу — еңбек әрі борыш.
Федор Достоевский

Ақындық – табиғаттың саннан таңдап бірен — саран адамдарға беретін артық өнері. «Көп берілгеннен көп сұранады» деген нақылды ескертіп, аяғына дейін түзетуге керек еді. Тілді бұзбай ұстарту, шеберлету, байыту – ақындардың мойындарына артылған зор борыш.
Халел Досмұхамедұлы

Адамның ең биік жетістігі – адамдық борышты атқару.
Нельсон Мандела

Дереккөз: http://bilimsite.kz/