Ауылдан Қостанайға жаяу тартқан әйел жолда адасқан
Өкінішке қарай, құтқарушылар әйелді іздеп таба алмаған.
Өзі тұратын кентке дейін жаяу бармақ болған Қостанай облысының тұрғыны жолда адасып қалған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Оқиға өткен демалыс күні болды. Құтқарушылар қашықтығы 10 шақырымдай жерге, Самир кентінен Қостанайға жаяу тартқан 32 жастағы әйелді іздеуге аттанды.
«ТЖД қызметкерлері таңғы сағат 9-да Самир кентінен Қостанай қаласына жаяу шығып кеткен 1986 жылғы азаматшаны іздеу жұмыстарын жүргізді», — деп хабарлады ТЖД-дан.
Өкінішке қарай, құтқарушылар әйелді іздеп таба алмаған. Абырой болғанда, адасқан әйелдің сағат 17:50-де Қостанайға өзі жеткені анықталды.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/