АҚШ-та көлік жүргізушісі шіркеуді бұзып кіріп, алты адамды қағып кетті — Жаһан

0

АҚШ-тың Огайо штатында автокөлік жүргізушісі таңғы құдайға құлшылық ету кезінде протестанттық шіркеудің қабырғасын қиратты. Оқиға салдарынан алты адам зардап шекті, — деп хабарлайды Associated Press.

Адамдар рождество гимнін орындап жатқан уақытта көлік витраж терезені қиратқан. Шіркеуде мерекелік қойылымды тамашалау сәті өтіп жатқан, сол себепті онда адам көп болған. Ғимарат ішінде 100-ден аса адам болған. 

Қабырға айтарлықтай ойылып қалған. Әзірге жүргізушінің кім екенін анықталмаған. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Оның мұндай қадамға баруына не себеп болғаны белгісіз.


Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz