Динара Сәдуақасова Шымкент пен Қызылордада бір мезгілді ойын сеансын өткізді

0
21 Желтоқсан 2018, 10:25 311 0

Астана, BAQ.KZ. Шахматтан әлемнің бірнеше дүркін чемпионы, әлемдегі ең мықты 15 әйелдің қатарына енген Динара Сәдуақасова Қазақстанның аймақтарында қоғамдық жұмыстарын жалғастыруда.

2018 жылдың 19-20 желтоқсанында Динара Сәдуақасова Шымкент және Қызылорда қалаларында алғаш рет бір мезгілді ойын сеансын өткізді. Сеанс Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры, Шымкент қаласының және Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен өтті. Ойынға мектеп оқушылары мен жас шахматшылар қатысты.

Қазақстан аймақтарында бір мезгілде өткізілетін ойындардың мақсаты — Қазақстанда шахмат ойынын әйгілеу. Авторлық кітаптарды жарыққа шығаруын, үнемі турнирлерді және бір мезгілде ойнайтын сеанстарды өткізуін Динара бүгінгі күнгі шахмат — бизнес-күрес үлгісінің бірі деп түсіндіреді. Шахмат ойнаған адамның дағдыларын: логиканы дамытады, миды жаттықтырады, есте сақтауды арттырады, тиімділікті жоғарылатады және шектеулі уақыт кезінде назарын шоғырландыруға ықпал етеді.

Осы тұста балалар мен жасөспірімдер арасындағы шахмат ойынын танымал ету мақсатында Қазақстанның әртүрлі өңірлерінде Динара үлкен әлеуметтік жұмыс атқаруда. Өз қызметі аясында Динара Сәдуақасова биылғы жылы республиканың көптеген қалаларында және облыс орталықтарында бір мезгілде ойындар, мастер-класстар және турнирлер өткізді.

«Мен үшін жастарға шахмат — ойын ғана емес, өзін-өзі дамытудағы ең күшті құрал екенін жеткізу өте маңызды. Бүгінгі күні шахмат — бизнес-күрес үлгісінің бірі. Шахмат ойнаған адамның дағдылары логиканы дамытады, миды жаттықтырады, есте сақтауды арттырады, тиімділікті жоғарылатады және уақыттың қысымы кезінде назарын шоғырландыруға ықпал етеді. Шахмат стратегиялық ойлауды ғана емес, сонымен қатар адамның жеңіліске деген дұрыс көзқарасы мен мақсат қою рухын қалыптастырады. Ал өздерінің өнерің игілікке қолдана білетін, адал және бәсекелестікке мықты жастар, менің ойымша, Қазақстанның болашағы. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының қолдауымен биыл мен Атырау, Атырау облысында сеанстар өткіздім. Өткен жылы Ақтау қаласында болдым. Келесі жылы біз географиямызды кеңейтеміз және еліміздің одан да көп аймақтарына жетеміз деген үміттемін. Менің сессияларымның ойыншылары арасында болашақ әлем чемпиондары, гроссмейстерлер мен шеберлер бар деп шынайы сенемін. Біздің балаларымыз интеллектуалды әлеуетке ие, оны ашуға және дамытуға біз өз үлесімізді қосуымыз керек», — деп атап өтті өзінің құттықтау сөзінде Динара Сәдуақасова.

Сеанстың қорытындысы бойынша ең қызықты ойындарға шаxматшы өзінің 2018 жылы желтоқсан айының басында жарыққа шыққан «Шахмат ойнап үйренейік» атты кітабын сыйға тартты. Кітаптың ерекшелігі — Қазақстанда осы кітапқа ұқсас халықаралық шахмат техникасын әлемдік чемпионаттар мен халықаралық турнирлерді пайдалана отырып көрсететін қазақ тілінде оқу құралдары жоқ.

Сапар аясында Динара Сәдуақасова Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевпен кездесті. Кездесу барысында Қызылорда облысының спортын дамыту, жастар үшін шахматтың артықшылықтары және елдегі шахматты насихаттау мәселелері талқыланды. Динара облыс Әкім мен облыс әкімшілігіне шахмат ойының дамытуға қолдау көрсетіп, оның кітаптарың ұсынғаны үшін алғысын білдірді.

Сонымен қатар, Қызылорда облысында болған кезінде Динара Сәдуақасова ЮНИСЕФ-тің балаларға қатысты зорлық-зомбылықты болдырмау жөніндегі ақпараттық кампаниясы шеңберінде үкіметтік ұйымдар, қоғамдық ұйымдар мен ҮЕҰ, БАҚ өкілдерімен кездесті.

Еске сала кетейік, 2017 жылдың қараша айынан бері Қазақстандағы ең атақты шахматшы ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы Адал ниетті елшісі болып табылады және Қазақстандағы балаларды мен жастарды дамытуда үлкен әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асырады.

Қазақстанның шахмат xаншайымы 2019 жылдың басында Атырауда Динара Сәдуақасова атындағы шахмат академиясын ашуға және 2018 жылы 22 желтоқсанда Астанадағы өзінің академиясының ресми ашылуын жоспарлап отыр. Мектепте аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар, ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жетім балалар үшін тегін сабақ беріледі. Ал 2019 жылдың сәуір айында Динара Астана қаласында республикалық студенттік турнирді өткізуді жоспарлап отыр.

Анықтама:

Сәдуақасова Динара Рамазанқызы

* Шаxмат бойынша Әлемнің көпдүркін чемпионы

* Әйелдер арасындағы халықаралық гроссмейстер, ерлер арасындағы халықаралық шебер

* Әйелдер арасындағы Азия бойынша вице-чемпион

* Азияның екі дүркін чемпионы

* Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы

* 11 жасынан бастап әйелдер құрамасының негізгі мүшесі

* 2018 жылғы тамызда әлемдегі ең мықты әйелдердің қатарында 12 орынды иеленді

* Халықаралық жарыстардың жеңімпазы және жүлдегері

Қазақстандағы шахматты дамытуға және белсенді қоғамдық жұмыстарға қосқан үлесі үшін «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен, спортты дамытуға қосқан үлесі үшін «Құрмет» және «Үміт» ордендерімен марапатталды.

2017 жылдан бастап Динара Сәдуақасова ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы Адал ниет елшісі қызметін атқарады.

ЮНИСЕФ Адал ниет елшісінің атағын 1954 жылдан бері тағайындайды. Адал ниетті елшінің тағайындалуы белгілі тұлғаларға балалардың мәселелеріне бей-жай қарамайтын, мұқтаж балалар мен олардың отбасыларының қажеттіліктеріне назар аудартуға мүмкіндік береді. 2009 жылы Қазақстандағы ЮНИСЕФ-тің бірінші Адал ниетті елшісі әнші және композитор Батырхан Шукенов болды.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Дереккөз: BAQ.KZ