атаулы күндер, тарихи оқиғалар, танымал есімдер
Бұл Григориан күнтізбесінде 358-ші күн. Жыл соңына дейін 7 күн бар.
24 желтоқсанда не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.
24 желтоқсанда қандай қызықты оқиға болды
Бүгін батыс христиандары Сочельникті атап өтеді. Бұл күн Рождество қарсаңында тойланады және осы мерекеге дайындықты білдіреді. Сочельник күнін католиктер, протестанттар мен кейбір православтар мерекелейді.
Ресейде бүгін түріктің Измаил қамалын алу күні аталып өтпек. Бұл орыс-түрік соғысымен байланысты маңызды дата. 1790 жылы А.Суворов бастаған әскерлер Измаил қамалын алды. Бұл күннің маңыздылығы 1995 жылы «Әскери даңқ күндері туралы» заңда аталып өткен.
Сондай-ақ, бүгін – Витриналарға саяхат күні. Витриналар өз заңымен өмір сүріп жатқан беймәлім мемлекет іспеттес. Іздеген нәрсенің бәрін табуға болады: әдемі сөмкеден бастап үйдің сәнін келтіретін жиһазға дейін. Бүгін витриналарға саяхат жасауға кеңес береміз, кім білсін, бәлкім көптен армандаған дүниеңізді тауып қаларсыз.
24 желтоқсанда әлемде болған тарихи оқиғалар
1801 жылы Англияда әлемдегі алғашқы бумен жүретін автокөлік таныстырылды;
1871 жылы Каирде Джузеппе Вердидің «Аида» операсының премьерасы өтті;
1903 жылы Англияда автокөлік үшін алғашқы тіркеу нөмірі берілді;
1982 жылы «Руслан» Ан-124 шалғайға ұшатын ауыр әскери көлік ұшағы бірінші рет әуеге көтерілді.
24 желтоқсанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
2004 жылы Астанада Қазақстан президентінің резиденциясы ресми түрде ашылды;
2009 жылы Ақтауда Иран Ислам Республикасының консулдығы ашылды;
2012 жылы Мәскеу метросының жаңа «Алматы» стансасы ресми түрде ашылды;
2015 жылы Атырауда ҚР мемлекеттік әнұранының авторы, ақын Жұмекен Нәжімеденовке ескерткіш орнатылды.
24 желтоқсанда әлемде туған танымал тұлғалар
1924 жылы кеңестік және ресейлік диктор және тележүргізуші Виктор Балашов дүниеге келді. Ресейдің халық әртісі (1997);
1961 жылы Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев өмірге келді;
1971 жылы пуэрторикалық әнші, бірнеше мәрте «Грэмми» сыйлығын иеленген Рики Мартин туды;
1973 жылы америкалық жазушы, «Ымырт» романдары сериясының авторы Стефани Майер дүниеге келді;
1981 жылы ресейлік әнші, «Евровидение» байқауының жеңімпазы (2008) Дима Билан туды.
24 желтоқсанда Қазақстанда кімдер туды
1910 жылы аты аңызға айналған әскери қайраткер, даңқты қолбасшы, Кеңес Одағының Батыры, жазушы Бауыржан Момышұлы дүниеге келді;
1928 жылы драматург, аудармашы, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы Қалтай Мұхамеджанов өмірге келді;
1938 жылы «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Салман Героев туды;
1939 жылы ақын Свет Оразаев дүниеге келді;
1953 жылы белгілі журналист Жанболат Аупбаев өмірге келді.
Ай күнтізбесі
Ай Шаян белгісінде орналасады.Таңыңыз романтикалық және жарқын сәттерге толы, таңданысыңызды тудыратын дүниелер көп болмақ. Кешке таман бәрі басылады, тіпті ішіңіз пысуы мүмкін. Бірақ жабырқаудың қажеті жоқ, жақындарыңыз мен достарыңызды тосын сыймен қуантыңыз.
Дереккөз: https://sputniknews.kz/