Алматы 2021 жылы толық цифрлық телевизияға көшеді

0

Алматыда 2021 жылға қарай аналогтік хабар тарату толықтай өшіріледі. Қазір «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында қалада сандық хабар тарату жобасы қолға алынды.

Ал республика көлемінде бұл шара кезең-кезеңімен жүргізіледі. Жыл соңына дейін дәстүрлі аналогтік хабар тарату жүйесі Маңғыстау, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласында тоқтатылады. Сандық форматқа ауысу елді-мекендерде жоғарғы сапада 30-ға жуық телеарнаның сигналын қабылдауға мүмкіндік береді. Ең бастысы, жаңа цифрлы жүйеге қосылған абоненттерден төлем алынбайды.

«Сандық хабар тарату еліміз үшін басым бағыттардың бірі. Оған ауысу кезең-кезеңмен жүргізіледі. Нәтижесінде, телевизиялық және радиохабарлардың санының артуына мүмкіндік бермек. Бір жағынан жарнама нарығын да дамытуға септеседі. Облыс орталықтары мен қалаларда 30 телеарнаға дейін, ауылдарда 15 телеарнаға дейін көруге болады. Қазірдің өзінде ол арнайы құрылғы арқылы қолжетімді», – деді «Қазтелерадио» АҚ басқармасы Алматы облыстық радио, телехабар тарату дирекциясының директоры Қайсар Раздықов.

«Қамшы» сілтейді