Сөзжұмбақ шешу адамның ойлап жүйесін жақсартады

0

Сөзжұмбақ шешу адамның ойлап жүйесін жақсартады

Британ ғалымдары кроссворд шешу мен мидың саулығы арасында байланыс бар екенін анықтады.

Мамандар Лондонда өткен халықаралық конференцияда осы мәселе туралы арнайы баяндама жасаған. Ғалымдар жасы 50-ден жоғары, денсаулығы мықты 17 мыңнан аса адамға сауалнама жүргізіп, оларға бірнеше тапсырма берген. Нәтижеде мына нәрсе анықталды. Күн сайын сөзжұмбақ немесе соған ұқсас түрлі бас қатырғыштарды шешумен айналысу мидың саулығын жақсартып, жұмысын белсенді етеді екен.

«Біз адамдардың кроссворд шешу жиілігі мен зейінге, логикалық ойлауға және жады мықтылығына байланысты тапсырмаларды шешу жетістігі арасында байланыс бар екенін анықтадық», — дейді зерттеудің жетекші авторы Кир Вернес.

Оның айтуынша, зерттеуге қатысушылар ішінде сөзжұмбақ шешуді жақсы көретіндер аталған тапсырмаларды өздерінен 10жасқа  кіші адамдар сияқты жақсы орындайды.

дереккөз: baq.kz


Дереккөз: https://massaget.kz/