«Алаш туы астында» фильмі Түркияда көрсетілді
«Көкту» қазақ мәдениеті қоғамының бастамасы және Қазақстанның Түркиядағы елшілігі қолдауымен «Алаш туы астында» атты деректі фильмнің Анкарада өтті.
Бас қаланың қақ төріндегі тұсаукесерге Қазақстанның Түркиядағы өкілетті және төтенше елшісі Абзал Сапарбекұлы, Кітапханалар және басылымдар бас директорының орынбасары Яхия Өзен, профессор Хулия Касапоглу Ченгел, профессор Әбдуақап Қара, доцент Джемиле Кынаджы, ТҮРКСОЙ-дағы Қазақстан өкілі Асқар Тұрғанбаев және қазақстандық студенттер қатысты.
Елші Абзал Сапарбекұлы желтоқсан айының қазақ ұлты үшін ерекше маңызы бар екенін айта келе Алаш қозғалысы жөнінде түсірілген ең ауқымды фильмді дайындап, Түркияда көрсеткен «Көкту» қоғамына алғысын айтты. «Ұлт-азаттық күрес жолында Міржақып Дулатов «Оян, қазақ!» десе, Елбасы «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы арқылы «Оян, түркі әлемі!» деп шақырады» деген елші енді түркі халықтарының тарихы терең екеніне тоқталды.
«Алаш ұлттық қозғалысын бастаған зиялылар тек қазақ даласын ойлап қана қойған жоқ, олар бүкіл Орталық Азияның болашағын ойлады. Тәуелсіз мемлекет құра алмаса да, тәуелсіз мемлекетте болуы қажет барлық шешімдерді қабылдады» деді ол.
Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» «Ел» продюсерлік орталығымен бірлесе түсірген ұлт-азаттық Алаш қозғалысы туралы сыр шертетін «Алаш туы астында» деректі фильмі «Оян, қазақ!», «Жарияланбаған автономия» және «Қатерлі өткел» деп аталатын үш бөлімді қамтиды.
«Айқын» ақпарат
Дереккөз: Айқын