Астаналықтардың 95 пайызында электронды денсаулық құжаты бар — Денсаулық

0

Астана халқының 95 пайызында электронды денсаулық құжаты бар, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Әкімдіктегілердің мәлімдеуінше, медициналық құжаттардың 70 пайызы цифрланды. Бұл туралы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров айтты.

«Осылайша біз уақыт өте келе дәрігерді қағазбастылықтан құтқарамыз. Жобамен медициналық құжаттардың 70 түрі цифрланды. Кей журналдарды және сыртқат тарихын, амбулаторлы карталарды алып тастадық. Бұл дәрігерлердің науқасқа көп көңіл бөлуіне мүмкіндік берді», — деді қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Оның айтуынша, мобильді қосымша іске қосылады, ол арқылы науқас өзінің мәліметтерін және дәрігердің қабылдауына жазыла алады. Одан бөлек жуықта «Жедел жәрдем үшін жасыл жол» аты пилоттық жоба іске қосылды, ол арқылы жедел жәрдем жүргізушісі шақыртуға кешігіп бара жатса көлікте орнатылған бастырма арқылы бағдаршамның жасыл түсін қоса алады.


Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz