Қазақша диктант: Қазақ тілі | Қызық әңгіме

0

Қазақша диктант: Қазақ тілі | Қызық әңгіме казакша Қазақша диктант: Қазақ тілі | Қызық әңгіме на казахском языке

Таң алдында бір ғана сағат мызғығаны болмаса, Абай бұл түнді ұйқысыз өткізді. Құрығын тірсегінен шорт кескен күдік торы ауыздығы алына салысымен басты жерге салып, аққұлақ араласқан көк өлеңді борт-борт үзе бастады.

Ауызғы үйде бұл жақтың белгісіндей тықыр білдірмей сергектікпен тосып отырған Ербол, Абай әні шыққанда, Баймағамбетке шам жақтырды. Сирек бір қонағы келгендей, сыпайы пішінмен қарсы алды. Бұл отырыста Абайдың мұншалық ықыласына ырза болғаны білінсе де, қыздың осыдан әрі сөз бетін ашқысы келмегендей. Ысқақтар жасы кіші болғандықтан, Абайға сәлем беріп келіп аттарынан түсті.

Үш күндей Мағаштан Әбіш жайына қанып алған соң, енді Абай сөз байлауын білдіреді.

Жайлы, жылы қоныстың ішіне отты маздатып жаққызып қойып, Абай қонақтарын ыстық шаймен сыйлатты. Бірақ бүгін де кешегідей күні бойы түлкі кездеспей, кешке жақын ғана көрінді.

Бұл көршілер осы көктемнен бері Абай мен Баймағамбет дөң басына шықса, қызық әңгімелер айтысып отыратынын біледі. Баймағамбеттің әңгімесі жаңа басталғанда, бұл екеуінің қастарына отыра берген Кішкене молда, Байторылар ырза болысты. Тың адам келді екен деп, айтып отырған әңгімесінің желісін өзгертпейді. (161 сөз)

(М.Әуезов)