Ақан Оңғарұлы: Шетелдіктер «Алтын адамға» ерекше қызығушылық танытты

0
21 Желтоқсан 2018, 15:40 294 0

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ұлттық музейде өткен «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» атты xалықаралық көрме жобасының қорытынды баспасөз мәслиxатында тарих ғылымдарының кандиданты Ақан Оңғарұлы айтты.

Қазақ халқының мәдени-мұрасын әлемге наслихаттау мақсатында Қазақстан Республиксаының Ұлттық музейі 2017 жылдың соңынан бастап, «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» атты xалықаралық көрме бағдарламасын бастаған болатын. Осы жоба аясында биылғы жылы әлемнің 6 мемлекетін аралады»,- дейді Ақан Оңғарұлы

«Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» атты xалықаралық көрме Минск қаласында, Мәскеуде, Баку қаласында, Хиан, Гданьск және Сеул қалаларында өтті.

«Әр мемлекетте көрмеге қызығушылық өте ерекше болды. Себебі біздің жәдігерлерімізді, мәдиниетімізді, әсіресе ежелгі мәдиниетімізді әлемге көрсету мүмкіндігі кем болып жатады. Сондықтанда осы мүмкіндікті шетелдіктер жақсы пайдаланды. Әр мемлекетте жас ерекшелігіне байланысты аудиториялар жиналды. Негізігі көрме экспонатының орталығы «Алтын адам» болғанымен оның қасында басқа да ерекшеліктер болды», — дейді Ақан Оңғарұлы


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Дереккөз: BAQ.KZ