Жақында тұрмысқа шыққан Динара Сәтжан қуанышты жаңалығын бөлісті

0

Тележүргізуші сәбиге әкелген сыйлықтарын көрсетті

Қазақстандық тележүргізуші Динара Сәтжан Instagram желісіндегі оқырмандарымен қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Динара стористе немере інісі дүниеге келгенін айтты. Ол осы қуанышты оқиғадан әсерленіп, туыстарына барып, сәбиді көруге асықты.

«Мен тағы да тәте болдым», — деп жазды ол.

Тележүргізуші сәбиге әкелген сыйлықтарын, сондай-ақ толық жабдықталған жайлы балалар бөлмесін көрсетті.