Қазақстандықтар мамырда үш күн қосымша демалатын болды

0

Мамыр айында елімізде үш мереке аталып өтеді, осыған орай қазақстандықтар қосымша үш күн демалады.

— 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні
— 7 мамыр – Отан қорғаушы күні
— 9 мамыр – Жеңіс күні

7 мамыр мен 9 мамыр аралығында бір жұмыс күні бар – 8 мамыр (бейсенбі). Бес күндік жұмыс аптасында еңбек ететін қазақстандықтар үшін 9-11 мамыр аралығында қатарынан үш күндік демалыс болады.

Айта кетейік, наурыз мерекесіне байланысты қазақстандықтар 21-25 наурыз аралығында бес күн қатарынан демалады.