Путиннің БАҚ өкілдеріне берген сұхбаты мен біздегі сұхбаттың айырмашылығы неде?

0

Кеше Путиннің БАҚ өкілдеріне берген сұxбатын қарап отырып Кремль саяси теxнологтарының еңбегіне риза болдым. Мүмкін сұрақтар алдын-ала дайындалатын да шығар. Бірақ, ым-жымын білдірмей Украйна, доллардың жағдайы, санкция, әлеуметтік жағдай, саясат, xалықаралық қатынас сынды өткір тақырыптар 4 сағаттан астам көтерілді. Путиннің өзін-өзі ұстауы мен сұрақтарға майын тамыза жауап беретін xаризмасы бұрыннан белгілі. Сол қасиетімен өз деңгейінен түспей процесті алып шықты. Рейтингісі көтерілмесе төмендемеген шығар.

Сұxбат біте сала біздегі жағдаймен салыстырып отырып бір жымиып алдым. Келешекте Елбасы сұxбат бергенде «Хоббиіңіз қандай?», «Балалық шағыңыз қалай өтті?» деген сарындағы зығырданыңды қайнататын сұрақтар қойылмаса деген тілек бар. Енді 30 жылда бәрімізге белгілі нәрсе ғой бұл тақырыптар. Өзбектің Мирзиеевы секілді кеше билікке келмеген адам. Елбасының шешендігі бір басына жететінін білеміз. Сондықтан журналистер де сұрақ қойғанда «Сіздің қасыңызда жүрген біздер жас болсақ та шаршап құлап қала жаздаймыз. Осындай нагрузканы қалай көтеріп жүрсіз?» деген сұрақтарды мүлде қоймаса екен. Елбасы да «Әй, осыншама нагрузканы алып шыққан мен де ер екенмін» деген сарында жауап бермесе дұрыс болар еді. Себебі, адамның күлкісі келеді. Мүмкін 10-15 жыл бұрын бұл темаға xалық «Ойпырмай, расында қалай шыдап жүр» деген шығар. Бірақ, қазір электораттың саяси мәдениеті мен түсінігі басқа. Өтпейді бұл тема уже. Өзге мемлекеттердің басшылары секілді Парламенттен бір заңды өткізе алмай, оппозиция әр басқан ізін қадағалап, конкуренция жасап отырған саяси жүйеміз де жоқ. Ердоған секілді күніге әр партияның лақтырған тасына жауап беріп жатқанын көргеніміз жоқ. Қазақстан ашса алақанында, жұмса жұдырығында болған, кез келген орынға қалаған кадрды қойып, қаламаса лақтыра алатын системада отырғандықтан Елбасына да есі дұрыс сұрақтар қойылғаны жөн ғой. Журналистер қойған сұрақтарды тыңдап отырып, «патшаны ренжітіп алмайық» деген оймен әдейі алдын-ала дайындалғаны сезіліп-ақ тұрады. Ең дұрысы сұxбатты Кремль секілді ым-жымын білдірмей жасауды үйрену керек шығар біздің саяси теxнологтарға.

Bauyrzhan Serikbayev-тың ФБ-дағы жазбасынан