Ірі инвестормен кездесті | «Айқын» газеті
Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Genertec холдингінің басшысы Лу Йиминді қабылдады. Жоғарғы палата басшысы China General Technology Holding (Genertec) холдингінің басқарма төрағасын Қазақстандағы автомобиль жасау саласын жаңғыртуды көздейтін инвестициялық ірі келісімге қол қойылуымен құттықтады.
Қ.Тоқаевтың айтуынша, бұл келісім сауда және инвестиция саласындағы үлкен оқиға ретінде халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарында зор серпіліс туғызып отыр.
Лу Йимин Genertec холдингінің Қазақстанда қол жеткізген келісімдері мен жаңа жобаларды жүзеге асыру жөніндегі жоспарлары туралы біздің тарапты хабардар етті.
Сенат төрағасы әлемдік экономикадағы ҚХР-дың орны Қазақстанда белгілі екені және Қытаймен ынтымақтастық басым бағыт ретінде саналатынын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің бес жыл бұрын Астанада жария еткен Жібек жолы жаңа стратегиясын іске асыруда бірлескен іс-қимылдың маңызды екенін айтты.
Сенат басшысы саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты ынталандыруда екі мемлекеттің заң шығару органдарының рөлі зор екеніне назар аудартты. Халық өкілдерінің бүкілқытай жиналысы тұрақты комитетінің төрағасы Ли Чжаньшудың Қазақстанға сапары парламентаралық үнқатысуларға жаңа серпін бере алады.
Дереккөз: Айқын