Еуроодақ Ресейге салған санкция мерзімін тағы ұзартты
Еуропа Одағының Ресейге Украинаның шығысындағы жанжалға байланысты салған санкцияларының күші 2019 жылғы шілденің 31-інде дейін ұзартылды. Бұл туралы ақпарат Еуропа кеңесінің сайтында жарияланды.
Бұған дейін еуропалық шенеуніктер Мәскеу Минск келісімдерін орындау мәселесінде прогресс танытпай отыр, оған қоса сепаратистер бақылайтын аймақтарда сайлаударды қолдады деп мәлімдеген. Украина сепаратистер ұйымдастырған дауыс беру — заңға қайшы деп мәлімдеген.
Еуропа Одағы Ресейге қарсы санкцияларын 2014 жылы енгізген. Бұл шектеу шараларды Мәскеудің Қырымды аннексиялап алуына және Донбастағы сепаратистерді қолдауына байланысты салған. Содан бері Еуроодақ санкцияларының мерзімін әр жарты жыл сайын ұзартып келеді. Санкциялар тізімі үнемі толықтырылып, нақтыланып отырады.
Ресей Украинаның шығысындағы жанжалға қатысы барын жоққа шығарады, ал Қырымды өзіне қосып алуын Мәскеу «тарихи әділеттілікті қалпына келтіру» деп атайды.
Дереккөз: Азаттық