Шымкентте «разборкаға» келіп, екі адамды жарақаттаған жас жігіт ұсталды — новости Казахстана

0

Шымкентте «разборкаға» келіп, өзара кикілжің кезінде атыс қаруымен екі жігітті жарақаттаған 18 жастағы жігіт ұсталды деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: РФ ТК

Көрнекі фото: РФ ТК

Оқиға осы жылы қараша айының 28-ші жұлдызында болған.

Ташкент қаласында 2000 жылы дүниеге келген қазақ жігіті ерегісіп қалған екінші тұлғамен арадағы мәселесін шешіп алмақ үшін алдын ала жолдастарымен сөз байласып, арнайы «разборкаға» келген.

Шымкенттегі «Тассай» елдімекенінде орналасқан зауыттардың бірінің аумағына жиналған қос тарап арасында ұрыс-төбелес басталып кеткен.

Сол кезде алдымен қорқыту үшін аспанға бір рет оқ атқан күдікті кейіннен онымен қоймай жәбірленуші екі жігітке қарай оқ жаудырған. Ал жараланғандарды көріп, оқиға орынынан қашып, бой тасалаған.

Бүгінде полицейлер күдіктіні қолға түсірді. Қазір ол қамауда.

«ҚК-нің 293 бабының 3 бөлігінің 2 тармағымен күдіктелген азаматқа бұлтартпау шарасы ретінде екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі санкция берілді», — дейді Шымкент қалалық мамандандырылған тергеу сотының судьясы С.Айнабеков.


Сіздің реакцияңыз

Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали


Тағы да оқыңыздар