«Қайрат» ұялатын сахналар жоқ па?» деп сұрады»: Жұлдыз Әбдікәрімовамен бірге көзге түскен Тәуекел Мүсілім мән-жайды түсіндірді
Белгілі актер Тәуекел Мүсілім әнші Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімовамен түскен видеосын жариялап, көпшіліктің қызу талқысына түсті. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қос өнерпаз “Одан да біреуден туып ал” деген кинода ғашықтардың рөлін сомдайды.
Бұған дейін актер Тәуекел Мүсілім “Менің ғашығым» деп актриса Жұлдыз Әбдікәрімованы көрсеткен еді.
Revue News арнасына берген сұхбатында кино жұлдызы мән-жайды түсіндіріп, әнші Қайрат Нұртастың қалай қабылдағанын айтты.
“Қайрат түсірілім алаңына келді. Жұлдызға сәттілік тілеп, қал-жағдайын білді. Бірақ “ұялатын сахналар жоқ па?” деп сұрады. Режиссерлер де ондай сахна болғанның өзінде, түрлі тактикамен жеткізетінін айтты”, – деді Тәуекел.
Ал, кинопродюсер, актриса Жұлдыз Әбідкәрімова кинодағы “ғашығына” қатысты жеке парақшасында пікір білдірді.
«Дастан аға жетекшілік ететін команданың кезекті керемет туындысы деп білемін. Көрерменге айтарыңыз, ұсынысыңыз таусылмасын. Еңбегіңіз бағаланып, кассаңыз жоғары болсын! Алдымен сіздер киноны көріп, бізді белгілеп отырыңыз. Қалған жаңалық сосын», – деді Әбдікәрімова.
Еске салайық, «Біз жайлы алыпқашпа әңгіме көп» деп Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова ұзақ уақыттан кейін бірге көзге түскен еді.