Танымал әнші ауыр жол апатынан аман қалғанын жеткізді

0

Бірер күн бұрын көпшілікке «Менің әкем» әнімен танылған әнші жол апатына ұшырағаны белгілі болған еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, осыдан бірер күн бұрын танымал әнші Кеңес Әлімжан Таразға тойға бара жатып жол апатына ұшыраған еді. Енді өнер иесінің өзі алаңдаушылық білдірген барша жанға алғысын айтып, әлеуметтік желідегі парақшасында видеоүндеу жолдады.

Баршаңызға қайырлы күн! Менің құрметті тыңдармандарым, барша жанашырларым, мен үшін уайымдап жатқан көрермендерім, ағаларым, әпкелерім, маған тілекші болып жатқандарыңызға көп-көп рақмет! Интернет желісін өздеріңіз көріп отырған боларсыздар. Мұндай хабардың бір жаңалық ретінде таралғанын қаламағанмын. Бастысы, аман-есенбіз. Темір өз орнына келер, — деді ол.  Эстрада жұлдызы жол апатына дұрыс ұйықтамауы себеп болғанын айтты. Уақытлы ұйықтамағанның кесірінен, жолдан шығып кетіп, осындай жол-көлік апаты болды. Қайта қарама-қарсы көлікке соқтығыспадық. Алла өзі сақтады. Рақмет сіздерге, аман болыңыздар, — деді Кеңес Әлімжан.