Су тасқыны кезеңінің басталуына көп уақыт қалған жоқ – Бектенов

0

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов су тасқыны кезеңінің басталуына аз уақыт қалғанын айтып, жауапты органдарға тапсырма берді.

Су тасқыны кезеңінің басталуына да көп уақыт қалған жоқ. Әкімдер бұл мәселені ерекше бақылауға алуы қажет. Төтенше жағдай туралы халықты хабардар ететін барлық жүйенің тұрақты жұмысын қамтамасыз етіңіздер. Әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту керек. Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқынына толығымен дайын болуға тиіс, — деді Бектенов.