Қарақат Әбілдина «Парасат» орденімен марапатталды

Әнші Қарақат Әбілдинаны Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Парасат» орденімен марапаттады.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қызметке cіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі, сондай-ақ әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталған.
Тоқаев «Парасат» орденімен марапаттағандар тізімі:
- Әбілдина Қарақат Түлкібайқызы – «Қарақат» мектеп-студиясының бас директоры, Астана қаласы;
- Жексенбай Бибігүл Нұрғалиқызы – Парламент Сенатының депутаты;
- Құспан Айгүл Сайфоллақызы – Парламент Мәжілісінің депутаты;
- Ноғайбаева Гүлдана Рахымбекқызы – Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Ә. Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясы» КМҚК әншісі-әртісі.