«Қазақтарға басқаша қарайды»: Жазира Байырбекова бет әрлеушінің әрекетіне ашуланды (ВИДЕО)

Әнші Жазира Байырбекова бағдарлама түсірілімі алдында бет әрлеушінің дөрекі әрекетіне ашуланды. Оның айтуынша, визажист қазақтарға басқаша қарап, өзі мен «Тұмар» ансамблін құрметсіздікпен қабылдаған. Әнші мұндай жағдайға өте сирек тап болатынын айтты.
«Екі жылда бір болатын шығар, бірақ осы бағдарлама түсірілімінің алдында бет әрлеушімен сөзге келдік. Орыс визажист қазақтар келсе басқаша қарап, маған «бетіңізді жақындатыңыз, үстелге жақын отырыңыз» деп дөрекілік көрсетіп, «Тұмар» ансамблін қабылдамай, телефон қарап отыр. Содан басталды бәрі», – деді ол.