“Халық жауы деп атайды” — Елдос Колобок салық мәселесіне байланысты назын жеткізді

Ол бұл туралы инстаграм желісіндегі парақшада жазды.
“Сіз көрген тізімде біз де бармыз. Бізде жеке кәсіп бар. Уақытында салықты төлейміз. Бірақ сонда да келді. Соммада айырмашылық бар екен. Ерлі-зайыптылардың бір-біріне жіберген ақшаларын да есептеп отыр. Енді соны дәлелдеу керек. Блогерлердің тізімін таратып, елдің назарын әдейі аударып қойды. Кейбір адамдар “Сауап болды” деп жатыр. Заң бәріне әсер етеді. Блогерлердің бәрі төменнен жоғарыға қарай көтерілгендер. Енді жеке кәсіпті дамытып, ілгері қарай жүреміз дегенде осындай кедергіге тап болдық”, – деп жазды Елдос.
“Көп нәрсе айтқым келеді. Тілім ұзын болғанымен, қолым қысқа. Ертең мені “Халық жауы” етіп қояды. Осы күнге дейін билікке қарсы бір фото-видео салмағанмын. Қара тізімде де жоқпын. Ел қатарлы кәсіп жүргізіп, салығын төлеп отырмын. Ең өкініштісі, халық пен блогерді екіге бөліп, жау санады. Үш жыл бұрынғы емес, үш күн бұрынғы чектің қайда қалғанын білмейсің. Ең болмаса, уақтылы салық қағазын жіберіп отырсаңдаршы”, – деп ашуланды желі жұлдызы.
фото: ашықдереккөз