Көкшетауда асырап алған немересін өлтіріп, мәйітін есік алдына көміп тастаған әже 21 жылға сотталды

0

Ал баланы асырап алған келіншек 4 жыл түрмеде отыратын олды

Көкшетауда асырап алған ұл баланы өлтіріп, оның мәйітін үйінің алдына көмік тастаған келіншек пен оның шешесі сотталды: екі әйел баланың өлгенін 4 жыл бойы жасырып, ол үшін жәрдемақы алып жүрген, деп жазады Azattyq Rýhy.

Бұл жантүршігерлік оқиға былтыр көктемде бүкіл елді дүр сілкіндірген еді. Көкшетау маңындағы Щучинск қаласының ауруханасына басы жарылып, үсті-басы көгерген бес жасар бала түскен. Оны ертіп келген әжесі мен анасы дәрігерлерге бала құлап қалды деген ақпарат берген. Дәрігерлер баланы тіркеу үшін оның құжатын тексерсе, құжат мүлде басқа баланың құжаты болып шыққан.

Ол бала қайда деген сұрақтың жауабын іздеу үшін полиция әйелдің үйіне барған. Үйді тінтіген полиция есік алдынан бір баланың мәйітін тауып алған. Анықталғандай, сотталып отырған әже мен келіншек төрт бала асырап алған екен. Соның біреуін төрт жыл бұрын өлтіріп, мәйітін есіктерінің алдына көміп тастаған. Ол аз десеңіз, екеуі марқұм баланың құжатымен мемлекеттен төрт жыл бойы жәрдемақы алып жүрген. Қалған үш баланы үнемі ұрып-соғып, қорлағаны да белгілі болды.

Сот асыранды баланың әжесін 21 жылға соттаған. Өйткені, баланы өлтірген адамның осы кісі екені анықталған. Ал, қылмысты жасырған 29 жастағы келіншек, яғни, баланы асырап алған анасы 4 жыл түрмеге жабылды.