Нұрлан Нығматуллиннің ағасына неліктен іздеу жарияланғаны белгілі болды

БАҚ Арғын Нығматулинді іздестіру жөніндегі Бас прокуратураға жүгініп, осы ақпарат бойынша жауап алды.
«Арғын Нығматулинге және Қарағанды облысында хоккейді дамытуға бөлінген бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктелген басқа да адамдарға қатысты қылмыстық іс тергелуде»
Сотқа дейінгі тергеу аясында Арғын Нығматулин күдікті деп танылды.
«Соттың санкциясымен қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы сайланды. Қазақстаннан тыс жерде болуына байланысты ол іздестірілді», — деді Бас прокуратура.
t.me/tengrinews