Нұрлан Нығматуллиннің үлкен ағасына іздеу жарияланды

0

Бұл туралы ақпарат Құқықтық статистика органдарының сайтында пайда болды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Мәжілістің экс-төрағасы Нұрлан Нығматулиннің үлкен ағасы Арғын Нығматулинге іздеу жариялады.

«Қазақстан Республикасының азаматы, 1955 жылы туған, қазақ. Іздестіру ісі 03.03.2025 жыл. Астана өңірінде тіркелді. Бастамашы —  прокуратура. Іздестіруді жүргізетін орган – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі», — деп жазылған ақпаратта.

фото: gov.kz