Перизат Қайраттың ісінде Asarume қайырымдылық қоры жәбірленуші деп танылды

Biz Birgemiz Qazaqstan 2030 басшысы Перизат Қайраттың қаржы жымқыру ісі бойынша жаңа мәліметтер пайда болды. Asarume қайырымдылық қоры бұл іс бойынша жәбірленуші ретінде танылғанын мәлімдеді.
“Біз сенгіміз келмейтін фактілер шындыққа айналып, бұл жағдай елдегі қайырымдылық саласына үлкен соққы болды. Бұл оқиға игі істермен айналысатын әр адамға әсерін тигізіп, қайырымдылыққа деген сенімге күмән ұялатты.
Biz Birgemiz Qazaqstan 2030 жасаған алаяқтық әрекеттер біздің қорымызға да әсер етті. Тергеу нәтижесінде «Асар Үме» ресми түрде жәбірленуші тарап деп танылды”, – деп мәлімдеді қор.
фото: stan.kz