«Бізге талап қоймаңыз!»: Трамп пен Зеленский кездесу барысында сөзге келіп қалды

0

Дональд Трамп пен Владимир Зеленскийдің кездесуі Украинадағы соғысқа байланысты келіспеушілікпен аяқталды. Трамп қақтығысты тоқтату уақыты келгенін айтып, Ресеймен келіссөз жүргізу керек деп мәлімдеді. Зеленский оған қарсы шығып, Путиннің бұған дейін де келіссөзге қабілетсіз болғанын еске салды.

Трамп Зеленскийдің АҚШ-қа жеткілікті алғыс айтпайтынын сынға алып, Украина Вашингтонға өз шарттарын қоя алмайтынын айтты. Екі тарап Украина мен АҚШ арасындағы сирек металдар туралы келісімге келе алмады, кейін Зеленский кездесуден кетіп қалды.

Трамп Зеленскийді тек Ресеймен бейбіт келісімге келуге дайын болғанда ғана оралуға шақырды. Бұл оқиға Зеленскийдің АҚШ-тағы беделіне нұқсан келтірді деген пікірлер айтылды, бірақ Еуропа елдері Украина басшысын қолдады. Трамп Украинаға соғысты аяқтау керек екенін ескертіп, АҚШ қақтығыстың ұзаққа созылуын қаламайтынын айтты.