“35 миллион” — Семейде соққыға жығылған 11 жастағы балаға баспана берілді

Семейде жасөспірімдердің қатыгез шабуылына ұшыраған 11 жастағы Алинұрға қазақстандықтар 35 миллион теңге жинап, оған төрт бөлмелі пәтер сатып алып берді.
Бұған дейін топ болып жабылған жасөспірімдер баланы ұрып-соғып, қорлап, қарға лақтырып, үстінен секірген. Полиция бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғап, кінәлілерді есепке алды. Зардап шеккен бала қазір мамандардың бақылауында, ал шабуылдаған оқушылар арнайы мектепке жіберілді. Оқиғадан кейін мектеп директоры қызметінен босатылды.
Абай облысы ПД мәліметінше, зардап шеккен бала қазіргі уақытта мамандардың бақылауымен арнайы орталықта жатыр. Ал оны қорлаған оқушылар девианттық мінез-құлыққа ие балаларға арналған арнайы мектепке жіберілді.
Баланы топ болып соққыға жыққан оқиғадан кейін мектеп директоры қызметінен босатылды.