«Ойнап түсірген видео ғой»: талдықорғандық мектептегі жағдайға қатысты тың дерек шықты (ВИДЕО)

Видеодағы оқушының ата-анасы бейнематериалды жариялаған адамға жазды
Күні кеше талдықорғандық мектептердің біріндегі оқушылардың бассыздығы желіде дау тудырды. Кейін ата-аналардың бірі видеоны жариялаған адамға жазғаны белгілі болды.
«Бауырым, Алладан қорықпайсың ба?! Ойнап түсірген видео екені көрініп тұр ғой. Басқа салатын дүние жоқ па?», – делінген жазбада.
Полиция желіде тараған видеоға қатысы бар барлық оқушыны анықтады. Олардың айтуынша, бәрін ойын үшін түсірген. Алайда мұндай әрекеттің салдарын ескере отырып, оқушылармен профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
«Оқушылардың ата-аналары балаларына дұрыс тәрбие бере алмағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – делінген полиция хабарында.
«Бірінші кезекте видеоға қатысы барлар анықталды, екіншіден оқушылармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Тараптардың бір-біріне наразылығы жоқ. Қазір бар ақпарат полицияға жіберілді», – деді қалалық Білім басқармасы өкілі Ұлжанат Жақұбаева.