Петропавлда көзіне пышақ кіріп кеткен бала есін жимастан қайтыс болды

Солтүстік Қазақстан облыстық көпбейінді балалар ауруханасында ауыр жарақатпен жатқан 3 жасар сәби 2,5 айдан кейін қайтыс болды. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы СҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Бұған дейін жансақтау бөлімінде жатқан бала 28 ақпан күні көз жұмды.
Естеріңізге салайық, былтыр 19 желтоқсанда Петропавлда 3 жасар баланың сол жақ көзіне пышақ кіріп кетті.
Анасы дәрігерлерге баланың ас бөлмесінде орындықтан құлап, жарақаттанғанын айтқан. Сәбиге ашық бас-миының жарақаты, ауыр дәрежедегі мидың соғылуы диагнозы қойылды. Ауыр халде ауруханаға түскен бала сол қалпы есін жимады.
СҚО Полиция департаменті осы факті бойынша кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Алайда бір аптадан кейін, 25 желтоқсанда қылмыстық іс денсаулыққа абайсызда зиян келтіру бабына ауыстырылды.
фото: Pixabay