Қазақстандық танымал әнші жол апатынан қаза тапты (ВИДЕО)

0

Қазақстандық әнші Асқар Дүйсенов жол апатынан қаза тапты. Қазаға байланысты
әлеуметтік желілерде әншінің әріптестері мен достары марқұмның отбасы мен туғандарына көңіл айтуда.

«Әлі де сенер емеспін!!!! Кеше ғана, Әлеке былай істесек қалай болады?- деп жүрген інім еді ғой….
Бүгін осындай хабар келді!!! Алла қасиетті жұма күні, рамазан айының алдында жаныңды алған екен… Раббым өзі алдыңнан жарылқасын! Керемет жігіт едің…. Қош, бауырым!», — деп жазды жақыны Серғалиев Әлібек.

Асқар Дүйсеновті ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 2 наурыз күні әншінің тағын жері – Солтүстік Қазақстан облысының Кішкенекөл ауылында өтеді.

фото: @askar_tamada