«Көретін дымы жоқ»: Балғынбек Имаш пен Айнұр Тұрсынбаеваның әзілі көпшілікті күлдірді

Танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева әріптесі Балғынбек Имашпен әзілдескен видеосы желіге тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі өзін көргісі келетін тыңдарманға алғыс айтты.
“Балғынбек Түркияға чекап өтуге келген. Сөйтіп бүкіл ел мені бас салады деп ойлаған ғой, сөйтсе сол жерде жүрген қазақтар «Сені емес, Айнұрды көргіміз келеді» депті… Қуанғаным-ай! Оңталап ағама, Несібелі жеңгеме Алла ұзақ өмір берсін! Балғынбектің алдында менің абыройымды көтеріп тастаған адамдарды жақсы көремін ғой”, – деп жазды айтыскер ақын.
Желі қолданушылары Айнұрды бір көруді армандайтындарын жарыса жазып жатыр.
“Сізді менің анам көргісі келеді”, “Балғынбектің “Көретін дымы жоқ” дегені ауыр болды”, “Адамды қадірлі ететін оның салихалы әңгімесі ғой, сол мәмілені іздейді”, Сіздің әкем мен анама жіберген сәлемдеме видеоңызды Балғынбек аға көрсетті. Көріп төбеміз көкке жетіп қуанып отырмыз. Сізге көп рақмет”, – деді оқырман қауым.
Еске салайық, «Үй алуыма көмектесті» деп отандық шоу-бизнес өкілдері 20 жылға сотталған «Дикий Арманға» қатысты пікір білдірген еді.