Лифтте бес жасар баланы пышақтап тастаған жасөспірімді психдиспансер қызметкері соққыға жыққан (ВИДЕО)

0

Астанада лифтте бес жасар баланы пышақтап тастаған жасөспірімді психдиспансер қызметкері соққыға жыққаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Kznews.kz Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Бұл туралы Астанадағы ерекше балалардың ата-аналары одағының төрайымы Гүлсан Мауина мәлімдеді. Оның айтуынша, жасөспірімнің өзі анасына соққыға жығылғанын айтып берген.

“Санитар балаға екі рет қол көтерген. Кеше және бүгін. Біз қазір сот медициналық сараптамасын жасатуға тырысып жатырмыз. Полицияға хабарластық, учаскелік полиция қызметкері келді, бірақ әлі нәтиже жоқ. Баланың анасы екі күн бойы сараптама жасата алмай жүр”, – дейді одақ төрайымы.

Сондай-ақ әйелдің айтуынша, шизофренияға шалдыққан 14 жастағы жасөспірім бала болып саналса да, психоневрологиялық диспансердің ересектерге арналған бөлімінде жатқан көрінеді. Бөлмелерде бейнебақылау камералары болмағандықтан ұрып-соғу фактісін дәлелдеу мүмкін емес дейді одақ төрайымы.