«Компьютерлік ойындар – харам»: Мұсылмандар Діни басқармасы ораза кезінде тыйым салынған дүниелерді айтты

0

Мұсылмандар Діни басқармасы ораза кезінде не істемеу керегін жеткізді. Айтуынша, ойындар харам. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Діни қызметкерлер өкілдерінің айтуынша, қасиетті Рамазан айында ойындар мен басқа да құмар ойындарға уақыт бөлуге болмайды.

“Қасиетті рамазан айынде тек су мен астан ғана емес, барлық жаман әдеттерден арылу керек. 30 күн бойы өзіңді тәрбиелеуің керек”, – деді Наурызбай Қажы Тағанұлы.

Еске салсақ, бұған дейін Бас мүфти ауызашарды «ифтар» деп емес, қазақша атауға шақырған еді. Оның айтуынша, жамағат діни терминдерді бұрмаламай, қазақша айтуы керек.

Рамазан айы биыл 1 наурызда басталып, 29 наурызда аяқталады. Ал Ораза айт 30 наурызда басталады. Наурыз айының 26-сынан 27-сіне қараған түн – қасиетті Қадір түні.