«Оқушыларға секс ойыншықтарын қолдануды үйретпек»: Желіде “Феминита» ұйымына қатысты тағы да дау туды

Әлеуметтік желіде “Feminita” феминистік ұйымның өкілдері мектеп оқушыларына жыныстық тәрбиеге қатысты кездесу өткізетіні жайлы ақпарат тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желі қолданушылары бағдарламаның жоспарын жеке парақшаларына жүктеп, қарсылық танытып жатыр.
Жазбаға сүйенсек, іс-шара наурыздың 9-ы күні сағат 10:00-16:00 аралығында өтеді. Кездесу 13 пен 17 жас аралығындағы жасөспірімдерге арналған. Сессияда балаларға жыныстық сауат туралы айтылады. Әр сессияның өз спикері бар. Арасында марқұм саясаткер Заманбек Нұрқаділовтің немересі Нұрбибі Нұрқаділова да бар. Бағдарлама мәтінінде Нұрқаділова өткізетін сессияда оқушыларға секс ойыншықтар (вибратор, ересектерге арналған дүкендер) көрсетіліп, оларды қалай қолдану керегін түсіндіреді.
Алайда ұйым өкілдері кездесудің болатынын растамады. Таралып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайтынын жеткізді.
“Feminita” ұйымы өздерінің ресми парақшасында мұндай іс-шара ұйымдастырмайтынын мәлімдеді. Одан кейін кездесуге шақырылатын адамдардың жасы 18-ден жоғары болатынын еске салды.
Айта кетейік, “Феминита» қозғалысының белсендісіне 400 мың теңге айыппұл салынғанын жазған едік.