Арман Дүйсеновтың ұлының өліміне қатысты мән-жайлар толықтай белгілі болды

Композитор Арман Дүйсеновтің ұлы Абылай Арманұлы өлімі туралы жаңа ақпарат шықты. Бұл туралы Orda.kzдереккөзі хабарлады.
2024 жылдың 7 қазан күні кешке жас жігіттің денесі өз пәтерінде асылып тұрған күйінде табылды. Марқұмның қолдары байланған екен. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, өлімнің себебі – механикалық асфиксия.
Ақпарат көзіне сәйкес, жас жігіт қазасынан бір күн бұрын анасының қоңырауларына жауап бермеген.
Қайғылы оқиғадан бұрын анасына Абылай есімді досы хабарласып, ұлының 95 млн теңге қарызы бар екенін және оны 5 күн ішінде қайтару қажеттігін айтқан. Қатты алаңдаған анасы ұлының пәтеріне барып, оны қолдары байлаулы, асылып тұрған күйінде тапқан.
Іс бойынша үш сараптама жүргізілді, және олардың барлығы жас жігіттің өз-өзіне қол жұмсағанын растады.
фото: ашықдереккөз