Танымал әншінің концертіне барған 71 жастағы әжей залда қайтыс болды

0

Тверде Елена Ваенганың концерті кезінде 71 жастағы көрерменнің қайтыс болуына қатысты жаңа деректер шықты. Оқиға антракт кезінде орын алған. Марқұм әйел концертке құрбысымен келген, бірақ оның денсаулығы кенеттен нашарлап кеткен.

Куәгерлердің айтуынша, залда ауа тым ыстық және тұншығарлықтай болған. Ұйымдастырушылар жылу алмастырғыш құрылғының (калорифер) сөндірілгенін, бірақ температураның қалыпты болғанын мәлімдеді. Зал толы болғанымен, алғашқы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік болмаған, тек жедел жәрдем келген соң шара қолданылды.