«Басқа әншінің қатысы бар болып шықты»: Бейбіт Қорған «некесіз баласына» қатысты алып-қашпа әңгімеге жауап берді

Бұл туралы Kznews.kz Caravan.kz медиа порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Өнер иесі «Сырласу» бағдарламасына берген сұхбатында ДНК сынамасын тапсырғанын айтқан.
«Басында мүмкін, шыныменде менің балам шығар деп ойладым. Неше түрлі жағдай болады, жүрмеген жеріміз жоқ деген сияқты. Біреулер де әншілер олар сондай деген сияқты неше түрлі әңгімені жіберіп жатыр ғой. Бүкіл әншілерге топырақ шашылған жағдайлар да болды. Жеке клиникаға емес, мемлекеттік мекемеде ДНК сынамасын тапсырдым. Нәтижесі теріс болып шықты. Мектепте менің ұлыма да, қызыма да қолдарын шошайтқан адамдарды сотқа бердім. Бірақ, соттан әлі жауап жоқ. Бұл оқиға отбасыма, балаларыма кері әсерін тигізді. Негізі мән-жайды аяғына дейін біліп алмай, сондай бағдарлама жасап, елдің алдына шығаратындарға таң қаламын. Бұл тақырыпта балаларыммен ашық сөйлестім. Қазір жақсы адамды жаман қылып көрсетсе, халық сеніп қалады. Сондықтан осы бағдарлама арқылы халыққа қазір ештеңеге сенбеу керек дегім келеді. Мен осы оқиғаға қатысты жауап бергім келді. Бірақ, адвокатым керегі жоқ, жауап берме деді. Қасымда жүрген жақын бауырларымның өзі «Бейбіт, сен шыныменде сондайсың ба, көңілім қалып қойды» деп айтқан сәттер болды. Оларға барлығын түсіндіріп, ДНК тапсырғанымды айттым. Сөйтсем, ол маған емес, басқа әншіге қатысты болып шыққандығын естім жатырмын. Оны қазір айтпай-ақ қояйын. Егер, ол бала менікі болса, халыққа шығып менің балам екен, қолымнан келген көмегімде беремін деп айтатын едім», — дейді ол.
Еске сала кетейік, өткен жылы атыраулық әйел Нұргүл Зиханова танымал әнші Бейбіт Қорғаннан бала туғанын айтып, «Астарлы ақиқат» бағдарламасына жүгінген еді.
фото: kyn.kz