ТЖ жаңа вице-министр тағайындалды

0

Бұған дейін Рамиль Камалов ҚР ТЖМ өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы қызметін атқарған.

Ол 1976 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Білімі жоғары арнайы.

Азаматтық қорғау органдарында 1993 жылдың қыркүйегінен бастап қызмет етеді. Мемлекеттік өрт қадағалау инспекторынан өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасына дейінгі жолдан өтті. Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментін басқарды.

фото: ашықдереккөз