FlyArystan бортында жолаушының рюкзагы өртеніп, ұшақ қайта қонды

0

Астана – Ақтау бағыты бойынша ұшқан FlyArystan әуекомпаниясының ұшағы жолаушының рюкзагының өртенуіне байланысты ұшу портына қайта оралған. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше оқиға 23 ақпанда болған.

«Астана – Ақтау бағыты бойынша FS 7375 рейсін орындау кезінде ұшақтың жоғарғы багаж бөлігінде жолаушының рюкзагы өртенді. Өртті авиакомпанияның борт серіктері тез сөндірді. Бортта 182 жолаушы болған. Ұшақ ұшу пунктіне оралды. Қону штаттық режимде орындалды. Жағдай туралы қосымша ақпарат барлық жағдайлар анықталғаннан кейін беріледі», – делінген хабарламада.

Кейін бұл рейс сағат 17.10-ға ауыстырылды.

“Барлық жолаушылар тегін қайта брондауға немесе ақшаны қайтаруға құқылы”, – деп атап өтті компания.

Еске салсақ, бұған дейін FlyArystan рейсінде шу шығарған ер адам үш жылға сотталғанынхабарлаған едік. Ол стюардессаның ішінен ұрып, бортта бомба бар екенін айтқан.