Маңғыстауда 12 жастағы бала қайтыс болды

0

2024 жылы Маңғыстау облысында менингококк ауруының өсуі байқалды. Аталған инфекцияның 10 жағдайы тіркеліп, оның біреуі өліммен аяқталды.

Көрсеткішті 2023 жылмен салыстырғанда өсім аурудың сегіз жағдайын құрайды. Ал биыл жыл басынан бері облыста бір бала ауырған.

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің жұқпалы және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Гүлшат Шорбасованың айтуынша, бұл көрсеткіш республикалық деңгейден үш есе жоғары.

“Барлық тіркелген жағдайлар 14 жасқа дейінгі балалар арасында. Бір жасқа дейінгі балалар арасында 1 жағдай, бір жастағы балалар арасында 2 жағдай, екі жастан алты жасқа дейінгі балалар арасында 6 жағдай және 14 жасқа дейінгі жас санатында 2 жағдай тіркелді.  Ең көп жағдай 6. Ол ұйымдаспаған балалар арасында. Бір жағдай – мектепке дейінгі балалар мен мектеп оқушылары арасында анықталды. 10 жағдайдың бірі (Мұнайлы ауданынан келген 12 жастағы бала) өліммен аяқталды. Қалған тоғыз науқасқа емделіп, жағдайы қанағаттанарлық, ауруханадан шығарылды”, – дейді Шорбасова.

Сондай-ақ ол биыл Қарақия ауданында бір сәби ауырып, сауыққанын айтты.

фото: Pixabay.com