Димаш Құдайберген Антикорға шақырылды

Антикор төрағасы Асхат Жұмағали қазақстандық әнші, Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайбергенмен кездесті.
Антикор басшысы қонақты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралармен, ашықтықты арттыруға және заңдылық қағидаттарын нығайтуға бағытталған заманауи әдістермен, сондай-ақ Агенттік жұмысының негізгі бағыттарымен таныстырды. Асхат Жұмағали өнер қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда, адалдық пен әділдікке тәрбиелеуде, адамдардың дүниетанымына әсер етуде және парасаттылық қағидаттарын нығайтуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Өз кезегінде Димаш Құдайберген атқарылып жатқан жұмыстарға қолдау білдіріп, болашағымыздың игілігі үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ісіне адалдығын білдірді. Асхат Жұмағали мен Димаш Құдайберген сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге және мәдени және білім беру бастамалары арқылы парасаттылық қағидаттарын насихаттауға бағытталған бірлескен жобалардың перспективаларын талқылады.