Тоқаев опасыздықты кешіре ме? Мәсімов еркіндікке шығу үшін үш рет өтініш берген

0

«Мемлекетке опасыздық жасау, билікті күшпен басып алу, билік пен лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану» бабымен 2023 жылы 18 жылға сотталған «жоғары лауазымды» тұтқын тар қапастан шығудың амал-әдісін табуға барын салып жатқан сыңайлы. Ulysmedia.kz порталына оның денсаулығына байланысты мерзімінен бұрын босап шығуға үш рет өтініш түсіргені белгілі болды.

ПАЙДАСЫЗ ӘРЕКЕТТЕР

Бостандыққа ұмтылу әрекетіне дайындық қамауға алынғаннан кейін-ақ бірден басталған деген нұсқа бар. Шынжыр балақ, шұбар төс шенеунік, спортшы әрі жазушы Мәсімовтің денсаулығында ақау бары, ауыр диагноздары туралы хабарламалар сотқа дейін арнайы ресурста пайда болған. Тіпті «сотқа дейін жетпей өтіп кететін сияқты» деп те төндірген. 2023 жылы шетелден «мәсімовшіл» белсенділік пайда болып, қазақстандық «қайраткерді» британдық парламентшілер мен АҚШ мемлекеттік департаментінің бұрынғы қызметкері Дэвид Меркель қорғаштап шыға келді. Дәл сол Меркель Кәрім Мәсімовтің жеке сайтының авторы әрі иесі саналады. Ол сайтта күн сайын Қазақстанның ҰҚК экс-басшысы ұсталған күннен бері түрмеде отырған есебі жүргізіледі. Мәсімов ұсталғалы 1135 күн өткен.

4 сәуірде Джонс Хопкинс университетінің маманы, Кәрім Мәсімовтың дәрігері Эрнест Браун «заңсыз ұсталуына» байланысты Мәсімовтың ерте өлу қаупі жоғары екенін хабарлап, медициналық куәлік берген. 2023 жылдың қаңтарында медициналық көмектің болмауына байланысты шұғыл операциядан зардап шегіп, прогрессивті екі жақты көз катарактасы мен ауыр созылмалы коронарлық артерия ауруынан басқа, «Кәрімді одан әрі ұстау оның инфаркттан немесе инсульттан ерте қайтыс болуына әкеледі» делінген сондай есептердің бірінде. Тағы бір есепте атеросклероз туралы айтылды.

Бірақ халықаралық қоғамдық құқық қорғау ұйымдарының ел басшылығына «Кәрім Мәсімовті гуманитарлық босату туралы» өтініштері нәтиже бермеді.

Айтпақшы, Мәсімовтің көпшілік фотосуреттерінде, оның ішінде кейінгі жылдардағы фотоларында оның көзілдіріксіз жүргенін көруге болады. Сотта бірақ көзілдірік киіп тұрды. Шамасы, ол дәрігерінің қайғылы болжамынан аман қалған сыңайлы. Оның денсаулығы жайлы жаңа мәліметтер жоқ.

Бір қарасаң қызық – осымшама сырқаты көп адам қалайша алты жыл бойы ұлттық қауіпсіздікке жауапты болды? Комитеттің кадрлар бөлімі мен Президент әкімшілігі сонда қайда қарап отырған?

РАҚЫМШЫЛЫҚ ЖОҚ

Шын мәнінде, Кәрім Мәсімов гипотетикалық тұрғыда мерзімінен бұрын екі жағдайда босап шыға алады.

Біріншіден, ауруына байланысты егер ол «ауруға байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынылған сотталғандарға медициналық куәландыру жүргізу қағидаларын және жазасын өтеуден босатуға негіз болып табылатын аурулардың тізбесін бекіту туралы» денсаулық сақтау министрінің 2022 жылдың 30 маусымындағы бұйрығына сәйкес болса шығуы мүмкін. Бұл тізімге 48 ауру кіреді, бірақ олардың арасында катаракта да, жүректің ишемиялық ауруы да, атеросклероз да жоқ.

Екіншіден, ол сот үкім еткен 18 жылдың 12 жылын өтесе шығуы ықтимал. (Қамауға алу мен тергеу изоляторында болуды ескере отырып, шамамен 2033-2034 жылдары) Егер, әрине, қылмыстық кодекстен 179-бабы (билікті күшпен басып алу) экстремистік тізімнен шығарылса ғана солай болуы ықтимал.

Экстремистік санаттағы қылмыстар ҚР ҚК 72-бабы 8-тармағының 2-ші тармақшасына сәйкес сотталғандарды мерзімінен бұрын босатпайды. Яғни, заң бойынша Мәсімов ерте шығып кетпеуі керек. Рақымшылық та жоқ. Ол үміт ете алатын жалғыз жол – президенттің кешірімі. Бірақ оған кешірім берілмейтіні де айтылған, — деп түсіндірді Ulysmedia.kz тілшісіне адвокат Виталий Воронов.

Адвокаттың айтқаны дұрыс. Кешірім мерзімнің қысқаратынын да, еркіндік те берілетінін білдіреді. Бірақ бұл үшін сотталушының өтінішін президент жанындағы кешірім мәселелері жөніндегі комиссия қарауы тиіс.

Комиссияға бір рет өтініш түсіп, 2024 жылдың жазында қаралған. Оның өтінішін комиссияның 9 мүшесінің ешқайсысы қолдамады. Тиісінше, бұл өтініш президенттің қарауына жіберілмеді, — деп түсіндірді Ulysmedia.kz тілшісіне президент жанындағы комиссия мүшесі Жеміс Тұрмағамбетова.

Оның айтуынша, сотталған адам әр алты ай сайын комиссияға кешірім жасау туралы жүгінуге құқылы және бұл үшін оның кінәсін мойындауы міндетті емес.

ЖАЛҒЫЗ ӨЗІ ҚАЛДЫ

Кәрім Мәсімов Қаңтар оқиғаларынан кейін түрмеге кеткен атқамінерлердің бірі. Оның бірінші орынбасары болған Самат Әбіштің 2024 жылдың наурызында билікті асыра пайдаланғаны үшін 8 жылға бас бостандығы шектелді. Тергеумен белсенді түрде серіктесіп, заңсыз шығарылған активтерді қайтаруға көмектесудің арқасында шартты жаза алды. ІІМ бұрынғы басшысы Ерлан Тұрғымбаевтың кінәсін мойындап, өміріндегі алғашқы соттылығы үшін шартты түрде 5 жылға сотталды.

Мәсімовпен бір іс бойынша оның орынбасарлары Әнуар Садықұлов 16 жылға, Дәулет Ерғожин 15 жылға, Марат Осипов үш жылға түрмеге кетті.

Кәрім Мәсімовтен 17,2 млн АҚШ доллары күйінде қолма-қол ақша, 11 қымбат бизнес-класс машинасы, Астанадағы екі элиталық пәтер, Алматыдағы екі пәтер мен зәулім үй, Щучье-Бурабай курорттық аймағындағы көл жағасындағы жер учаскесі, алтын құймалар, антиквариат, бренд сағаттары табылды.

Жақында Астанада мемлекет тәркілеген Мәсімовтің сарайы 1,88 млрд теңгеге сатылымға шығарылды. Ол бойынша электронды аукцион25 ақпанда E-Qazyna платформасында өтеді.

ТУЫСТАРЫНЫҢ БАЙЛЫҒЫ

Бірақ байлықтың бір бөлігі тәркіленбеуі мүмкін. Ulysmedia.kz сотталушының туыстары оның байлығын қалай бөлісіп жатқанынан хабардар.

Біз Кәрім Мәсімовтің бұрынғы күйеубаласы Азамат Қапенов ТМД және оған іргелес мемлекеттер аумағында бизнесті дамыту жөніндегі бас директордың орынбасары лауазымын «Федералдық жүк компаниясы» АҚ басқарғанын, ал оның «Қазақстан көмірі» фирмасы 2017 жылы Новосібір «Заречная» көмір компаниясының 64%-ын 10,5 млн рубльге қалай сатып алғанын жазған едік.

Қазір Мәскеу соттары Азамат Капеновтың есімімен байланысты көп арызды қарап жатыр. Ол Мәсімовтің қызы Тамилла Кәріммен мүлкіне байланысты соттасып жатыр. Қапеновтың туған анасы оны Мәскеудің орталығындағы зәулім пәтерден қуып жіберген, ал Ресейдің құқық қорғау органдары кәсіпкерді алаяқтық үшін халықаралық іздеуге жариялады. Айтпақшы, Азамат Капенов пен Тамилла Кәрім де Ресей азаматтары.