«300 адамның алдында бас құданы боқтап, төбелестік»: Асаба тойдағы сорақы қылығын айтып мақтанды

0

Алайда, кемі 1 миллионға асабалық ететін әзілкештердің тойда ойнататын ұятсыз ойындары, бейәдеп сөздері жиі сынға ұшырап жатады, деп хабарлайды Kznews.kz Caravan.kz медиа порталына сілтеме жасап.

Көпшілікке Armani лақап атымен танылған әзілкеш, вайнер, блогер Арман Жаналиев өзі асабалық еткен тойлардың бірінде бас құданы боқтағанын айтып сынның астында қалды.

«Алматыға Файзулламен тойға келдім. Тойдың басында беташар болатын болды. Алматыдағы тойлардың ерекшелігі беташарға қыздың туыстары қатысады екен. Бізде Таразда жаңа құдалар беташарға қатыспайды. Сөйтсем, жаңағы тойда мен бет ашып жатқан кезде құдалар жоғарыдан қарап тұрыпты. Ол менің басым істемейтін уақыт, періп жатсам да өтіп жатырмын. Ең соңында, бәріне сәлем салдырып болғаннан кейін Алматыға бір сәлем деймін. Алматының вокзалына, барахолкаға, алтын ордаға, люстраға, кілемге деп біраз сәлем салдырып тастадым. Біткеннен кейін тойға дайындалайық деп артқа қарасам үлкен кісі жүрші деп қолымнан ұстады. Сен домбырамен ашпайсың ба деді. Сен менің қызыма қалай-қалай сәлем салдырасың дегенше болған жоқ, туған ағасы баспен ұрды. Жаныма Файзулла келіп қалып, екеуі 300 адамның алдында төбелесті. Барлық жер қан болды. Базар жоққа енді кіріп жүрген кезім еді. Құдалар жақтан әйелдер келіп, кет, жұлдыз болсаң өзіңе деді. Сосын досыма ноутбукты жина нах**й кетеміз дедім. Мынандай көңіл-күймен қалай той жүргіземіз дедім. Той иесінің папасы жоқ екен. Мамасы жалынды, бірақ ренжімеңіз деп кетіп бара жатсам, жаңағы кісі екінші этаждан қарап тұр екен. Жоғары қарап 300 адамның алдында қот**бас дедім. Аузымнан қалай шығып кеткенін білмеймін. Шығып такси ұстап тұрғанымда үйленіп жатқан жігіттің мамасы келіп тағы жылады. Үйленіп жатқан жігіт жаңа құдаларға сөйлей алмай, терезені ұрып, қолын қанатып алған. Жедел жәрдем келіп, ана жер ажиотаж болып кетті. Мамасын көріп жүрегім ауырып кетті. Тойды қайтадан барып басқардым. Тойдың арасында біреулер есікті ашып бізге қарап жүрді. Досыма көріп келші десем, мені сыртта бес жігіт күтіп жүріпті. Мен де ағамды шақырдым, ол да бес бала алып келді. Солай мәселені шешіп тастадық», — дейді Арман Жаналиев.

фото: видеодан скрин